Тауарларды қашықтан сату туралы жария оферта (01.01.2020 ж. бастап қолданылады)
Терминдер мен анықтамалар.
Осы офертада, егер мәнмәтінінде өзгеше көрсетілмесе, төменде келтірілген терминдер мынадай мағыналарға ие және офертаның құрамдас ажырамас бөлігі болып табылады:
«Сатушы», «Оператор» - Жеке кәсіпкер Шың (ЖСН 881111350113, ТН ), Республика Казахстан, 010000, город Астана, проспект Кабанбай Батыра, здание 58б мекенжайы бойынша орналасқан, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және Тауарларды сату, соның ішінде қашықтан сату бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.
«Сатып алушы», «Пайдаланушы» - осы офертаны төменде көрсетілген шарттарда қабылдаған (акцептеген) және Сайтта және/немесе Мобильді қосымшада тіркелу арқылы Сатушыға өзінің дербес деректерін берген кез келген жеке тұлға, бұл деректерді Сатушы Сатып алушының Тапсырысын рәсімдеу үшін пайдалануы мүмкін.
«Сайт» - Сатушының sayasushi.kz сайтындағы ресми веб-парақшасы.
«Мобильді қосымша» – «Sayasushi. жеткізу» мобильді қосымшасы (платформаға байланысты емес).
«Интернет-дүкен» - Сайтта, Мобильді қосымшада орналастырылған Тауарларды сату бойынша Сатушының ресми интернет-дүкені.
«Тауарлар» - Сатушының Сайтта және Мобильді қосымшада ұсынылған өнімдерінің тізбесі.
«Тапсырыс» - Сатып алушының Интернет-дүкенде Сатып алушының Интернет-дүкенде таңдаған Тауарларды сатып алуға және жеткізуге рәсімдеген және Сатушыға Интернет желісі арқылы (Сайтта, Мобильді қосымшада орналастырылған электрондық нысан) ұсынылған немесе +7 701 765 03 03 телефон нөмірі бойынша Сатып алушының рәсімдеген сұратуы.
«Курьерлік қызмет» - Сатушының мүддесінде Сатып алушы тапсырыс берген Тауарларды жеткізу бойынша қызметтер көрсететін тұлғалар.
Осы офертаның мақсаттары үшін жекеше түрдегі терминдер мен анықтамалар көпше түрдегі терминдер мен анықтамаларға да қатысты және керісінше.
Егер осы офертада өзгеше тікелей көзделмесе, осы офертаның шарттары Сайт пен Мобильді қосымша үшін қолданылады.
1. Жалпы ережелер
1.1. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің (бұдан әрі осы офертаның мәтіні бойынша – «ҚР АК») 395-бабына сәйкес бұл құжат жеке тұлғалардың назарына арналған жария оферта болып табылады және төменде баяндалған шарттарды қабылдаған жағдайда жеке тұлға осы офертада баяндалған шарттарда Тауарға ақы төлеуге міндеттенеді. ҚР АК 396-бабының 3-тармағына сәйкес Сатып алушының Тапсырысты түпкілікті растау сәті Сатушының офертасын акцептеу болып табылады, бұл осы офертада, Сайтта және Мобильді қосымшада белгіленген шарттарда Тауарды бөлшек сатып алу-сату шартын (бұдан әрі осы офертаның мәтіні бойынша – «Шарт») жасасуға барабар болып табылады.
1.2. Сатушы мен Сатып алушы қажетті құқыққа және іс-әрекетке қабілеттілігіне, сондай-ақ Шартты жасасу және орындау үшін қажетті және жеткілікті барлық құқықтар мен өкілеттіктерге ие екендігіне кепілдік береді. «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі № 429-1 Заңына сәйкес 21 жасқа толмаған адамдарға алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынады. Курьерлік қызмет қызметкерлері Сатып алушының төлқұжатын немесе оның жасын куәландыратын өзге де құжатын көрсетуді талап етуге құқылы.
1.3. Интернет-дүкен арқылы Тауарларға тапсырыс бере отырып, Сатып алушы осы офертаның шарттарын сөзсіз қабылдайды және Сатушының құпиялылық саясатының шарттарымен келіседі. Сатып алушының Сайтта және Мобильді қосымшада рәсімдеген Тауарға Тапсырысы Сатушы мен Сатып алушы арасында жасалған Шарттың растауы болып табылады.
1.4. Сатып алушы мен Сатушы арасындағы қатынастарға ҚР АК ережелері (оның ішінде бөлшек сатып алу-сату туралы ереже (25-тарау, § 2), «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV ҚР Заңы және Қазақстан Республикасының (бұдан әрі осы офертаның мәтіні бойынша – «ҚР») қолданыстағы заңнамасының өзге де нормативтік-құқықтық актілері қолданылады.
1.5. Сатушы осы офертаға өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады, осыған байланысты Сатып алушы Сайтта, Мобильді қосымшада орналастырылған осы офертада өзгерістердің болуын дербес бақылауға міндеттенеді. Сатушы осы офертаның өзгерістері туралы хабарламаны Сайтта, Мобильді қосымшада ақпараттық хабарлама түрінде олардың күшіне ену күніне дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей орналастыруға міндетті.
1.6. Осы офертамен келісе отырып, Сатып алушы «Saya Sushi» бірыңғай сауда белгісімен франчайзингтік желі шеңберінде Тауарларды өткізетін Сайттағы, Мобильді қосымшадағы басқа тұлғалардың жария оферталарының шарттарын автоматты түрде қабылдайды.
2. Шарттың мәні
2.1. Сатушы Тауарларды Сатушының Сайтында, Мобильді қосымшасында ұсынылған бағамен береді, сатады, ал Сатып алушы осы офертаның шарттарына сәйкес төлем жасайды және Тауарларды қабылдайды.
2.2. Тауарларға меншік құқығы Сатып алушы Тауарларды қабылдаған кезде және ол қабылданған Тауарлардың толық құнын төлеген кезде Сатып алушыға өтеді. Тауарлардың кездейсоқ жойылу немесе бүліну қаупі Сатып алушы Тауарларды қабылдаған сәттен бастап Сатып алушыға өтеді.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3.1. Сатушы міндеттенеді:
3.1.1. осы оферта қабылданған сәттен бастап осы офертада белгіленген шарттарда және ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес Сатып алушы алдындағы өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге. Сатушы осы офертаның 9-бөліміне сәйкес еңсерілмейтін күш мән-жайлары («форс-мажор») туындаған жағдайда өз міндеттемелерін орындаудан бас тарту құқығын өзіне қалдырады;
3.1.2. Cатып алушының Cатушыға берілген дербес деректерін өңдеуге және сақтауға, олардың құпиялылығын қамтамасыз етуге және ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы ақпаратқа үшінші тұлғаларға қол жетімділік ұсынбауға. Осы офертаны қабылдай (акцептей) отырып, Сатып алушы өзінің келісімін растайды және Операторға өзінің дербес деректерін, оның ішінде: тегін, атын, әкесінің атын; жеткізу мекен-жайын; телефонын өңдеуге рұқсат береді. Осы офертада дербес деректерді өңдеу деп: жоғарыда көрсетілген деректерді жинау, оларды жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), пайдалану, бұғаттау, жою түсініледі.
3.1.2.1. Оператор Сатып алушы тапсырыс берген Тауарларды Сатып алушыға жеткізу мақсатында Сатып алушының дербес деректерін Курьерлік қызметке беруге құқылы.
3.1.2.2. Сатып алушы Операторға және оның қызметтеріне дерекқор басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің, сондай-ақ өзге де бағдарламалық және техникалық құралдардың көмегімен Сатып алушының дербес деректерін өңдеуге келісімін білдіреді және рұқсат береді. Мұндай жүйелермен жұмыс жоғарыдағы 3.1.2-тармақта көрсетілген алгоритм (жинау, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау, пайдалану, бұғаттау, жою) бойынша жүзеге асырылады.
3.1.2.3. Оператор Сатып алушының дербес деректерін өңдеудің пайдаланылатын тәсілдерін дербес айқындауға құқылы (қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей: пошта кодтарын кодтар/индекстер базасымен автоматты түрде салыстыру, көшелер/елді мекендер атауларының жазылуын автоматты түрде тексеру, берілген өлшемшарттар бойынша дерекқорды сегменттеу және т. б.).
3.1.2.4. Оператор Сатып алушы ұсынған дербес деректердің құпиялылығын, оларды көшіруден, таратудан қорғауды қамтамасыз етеді. Кез келген сәтте Сатып алушы өзінің дербес деректерінің тізбесін сұратуға және/немесе Операторға телефон арқылы қоңырау шалып, атын, әкесінің атын, тегін және жеткізу мекен-жайын көрсете отырып, өзінің дербес деректерін өзгертуді, жоюды талап етуге құқылы.
3.1.2.5. Сатушы Сатушыға ұсынылған Сатып алушының дербес деректеріне рұқсатсыз қол жеткізу әрекеттерін болдырмауға; мұндай әрекеттерді уақтылы анықтауға және тоқтатуға міндеттенеді.
3.2. Сатушы осы офертаның шарттарын; Интернет-дүкенде көрсетілген Тауарлардың бағаларын; Тауарларды төлеу және жеткізу шарттарын; Тауарларды жеткізу тәсілдерін, мерзімдерін және аумағын; сондай-ақ Сайтта, Мобильді қосымшада орналастырылған осы офертада көрсетілген өзге де шарттарды өзгертуге құқылы.
3.3. Сатып алушы міндеттенеді:
3.3.1. Сайтта, Мобильді қосымшада Тапсырысты рәсімдеу сәтіне дейін - осы офертада белгіленген мазмұнмен және шарттармен, сондай-ақ Сайтта, Мобильді қосымшада көрсетілген өзге де шарттармен, оның ішінде Интернет-дүкенде белгіленген Тауарлардың бағаларымен, Тауарларды жеткізу аймағымен және Тапсырыстың ең төменгі құнымен танысып шығуға, бұл әрекет Тапсырыс Сатып алушыға жеткізілуі үшін жасалуы қажет;
3.3.2. Сатып алушыны сәйкестендіру үшін қажетті және Сатушымен мәміле жасау және Сатып алушыға ол тапсырыс берген Тауарларды жеткізу үшін жеткілікті дұрыс дербес деректерді ұсынуға;
3.3.3. осы офертаның шарттарында тапсырыс берілген Тауарларға ақы төлеуге;
3.3.4. Интернет-дүкенде тапсырыс берілген Тауарларды кәсіпкерлік мақсатта пайдаланбауға;
3.3.5. осы офертада белгіленген шарттарды, сондай-ақ Сайтта, Мобильді қосымшада көрсетілген өзге де шарттарды сақтауға.
3.4. Сатып алушы құқылы:
3.4.1. Пайдаланушының есептік жазбасы тіркелгеннен кейін Интернет-дүкенді пайдалануға. Есептік жазба деректері айрықша болып табылады және табысталмайды. Сатып алушы есептік жазба деректерін үшінші тұлғаға берген жағдайда, Сатып алушы осындай үшінші тұлғалар жасаған іс-әрекеттер үшін, сондай-ақ осындай үшінші тұлғалардың Сатушыға келтірген залалдары үшін толық көлемде жауапты болады;
3.4.2. тіркелу кезінде көрсетілген абоненттік телефон нөміріне жылжымалы радиотелефон байланысы желілері бойынша sms-хабарламалар түрінде өткізілетін науқандар туралы ақпаратты (жарнамалық хабарламаларды, жіберілімді) алуға. Пайдаланушының кез-келген уақытта жіберілімнен бас тартуға, сондай-ақ жіберілімге қайтадан жазылуға мүмкіндігі бар;
3.4.3. егер Сатушы осы офертаның 6.2.3-тармағының шарттарын орындамаса, мына қағида бойынша тегін сушиға сертификат алуға: 1 мерзімі өткен тапсырыс – 1 сертификат.
4. Интернет-дүкенде тіркелу
4.1. Интернет-дүкенді пайдалану құқығын алу үшін Сатып алушы Сайтта, Мобильді қосымшада Пайдаланушының есептік жазбасын тіркеуді жүзеге асыруға міндеттенеді.
4.2. Пайдаланушының тіркелуі мынадай жолмен жүзеге асырылады:
а) нысанға республикалық пішімдегі абоненттік телефон нөмірін (+7ХХХХХХХХХХ) енгізу; тіркелу кезінде Пайдаланушы көрсеткен абоненттік телефон нөмірі Интернет-дүкенді пайдалану кезінде Пайдаланушының аты (логин) ретінде пайдаланылатын болады;
б) көрсетілген абоненттік нөмірге SMS-хабарлама түрінде алу арқылы Сатып алушыға Оператор берген құпия сөзді енгізу;
в) осы офертаның шарттарымен келісе отырып, оны қабылдау;
г) ниет білдірген жағдайда, осы офертаның 3.4.2-тармағына сәйкес Сатушының өткізілетін науқандары туралы ақпаратты (жарнама) алуға өз келісімін беру.
4.3. Пайдаланушы Оператордан SMS-хабарлама арқылы алған құпия сөзді дұрыс енгізгеннен кейін тіркеу аяқталған болып есептеледі.
4.4. Интернет-дүкенде Пайдаланушының есептік жазбасын тіркеу бойынша әрекеттерді жасай отырып, Пайдаланушы осы офертаның шарттарын толық көлемде және қандай да бір шығарып тастаусыз қабылдайды.
4.5. Сатып алушының тіркелуі Сатып алушының атынан үшінші тұлғалардың рұқсат етілмеген әрекеттерін болдырмауға мүмкіндік береді және Сатып алушыға Интернет-дүкеннің қосымша қызметтеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сатып алушының логин мен құпия сөзді үшінші тұлғаларға беруіне жол берілмейді.
4.6. Тауарға тапсырыс беруді Сатып алушы Сайтта, Мобильді қосымшада жүзеге асырады. Тек тіркелген Сатып алушылар (Пайдаланушылар) ғана тапсырысты рәсімдей алады.
4.7. Сатушы тіркеу кезінде Сатып алушы берген ақпараттың дәлдігі мен дұрыстығына жауап бермейді.
5. Тапсырысты рәсімдеу және орындау мерзімі
5.1. Сатып алушының Тапсырысы телефон арқылы және/немесе Сайттағы, Мобильді қосымшадағы Тапсырыстың электрондық нысанын толтыру арқылы рәсімделуі мүмкін.
5.1.1. Тапсырысты телефон арқылы немесе Сайттағы, Мобильді қосымшадағы электрондық нысан арқылы рәсімдеу кезінде Сатып алушы осы офертаның шарттарымен танысқанын растайды және Сатушыға Тапсырысты тиісті түрде рәсімдеу және орындау үшін қажетті барлық ақпаратты беруге міндеттенеді.
5.1.2. Сайт, Мобильді қосымша арқылы Тапсырысты рәсімдеу кезінде Сатып алушы Тапсырыстың электрондық нысанын толтырады және Сатушыға Тапсырысты электрондық нысанда растау арқылы қалыптастырылған Тапсырысты жібереді.
5.2. Егер Сатушының қоймасында Сатып алушы тапсырыс берген Тауарлардың қажетті саны немесе түржинағы болмаса, Сатушы бұл туралы Сатып алушыдан Тапсырысты алғаннан кейін 30 минут ішінде Сатып алушыға телефон арқылы хабарлайды. Сатып алушы Тауарларды өзге мөлшерде немесе түржинақта қабылдауға келісуге не өз Тапсырысынан бас тартуға құқылы. Сатып алушының жауабын алмаған жағдайда Сатушы Сатып алушының Тапсырысын толық көлемде жоюға құқылы.
5.3. Сатып алушы Тапсырыс құрамын өзгертуге құқылы емес.
5.4. Сатып алушыда Тауарлардың қасиеттері мен сипаттамаларына қатысты қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Тапсырысты рәсімдеу алдында Сатып алушы Сайтта, Мобильді қосымшада көрсетілген жұмыс режиміне сәйкес қажетті ақпаратты алу үшін +7 701 765-03-03 телефоны бойынша Сатушыға жүгінуі тиіс.
5.5. Сатушының кәдесыйлық өнімдерін Сатып алушының сатып алуы Сатып алушы осы офертаның 6.4-тармағына сәйкес ең төменгі тапсырыс сомасына негізгі Тауарға («Сушилар», «Пиццалар», «Дәмтатымдар», «Сусындар») Тапсырыс бергеннен кейін ғана мүмкін болады.
6. Тауарларды жеткізу
6.1. Егер Тауарлар Сатып алушыға Сатып алушының кінәсінен берілмеген жағдайда, Сатып алушы өзі тапсырыс берген Тауарды қабылдаудан және/немесе оған ақы төлеуден бас тартқан жағдайда, жалған шақыру жасалған жағдайда, Сатушы Сатып алушының логинін (абоненттік телефон нөмірін) бұғаттауға құқылы.
6.2. Тауарларды жеткізуді Курьерлік қызмет Сатып алушы Сайтта, Мобильді қосымшада Тапсырысты рәсімдеу кезінде көрсеткен нақты мекен-жай бойынша жүзеге асырады.
6.2.1. Астана қаласы бойынша жеткізу аймағы шегінде (жеткізу аймағы Сайтта көрсетілген немесе телефон арқылы нақтылауға болады) Тауарларды жеткізу Сайтта, Мобильді қосымшада көрсетілген жұмыс режиміне сәйкес жүзеге асырылады.
6.2.2. Тауарларды жеткізу аймағына кірмейтін мекен-жайлар бойынша жеткізу жүзеге асырылмайды.
6.2.3. Тапсырысты жеткізу мерзімі – 60 минут. Сатушы осы офертада және/немесе Сайтта, Мобильді қосымшада белгіленген Тауарларды жеткізу мерзімдерін сақтау үшін бар күшін салады. Алайда, Тауарларды жеткізудегі кідірістер күтпеген жағдайларға байланысты болуы мүмкін, бұл жағдайда осы офертаның 3.4.3-тармағында көрсетілген шарттар қолданылады.
6.3. Жеткізу Сатып алушы ең төменгі тапсырыс сомасына Тапсырыс берген жағдайда жүзеге асырылады. Ең төменгі тапсырыс сомасы Сатушымен біржақты тәртіпте айқындалады және Сайтта, Мобильді қосымшада көрсетіледі.
7. Тауарларға ақы төлеу
7.1. Тауарлардың бағасы Сатушымен біржақты тәртіпте айқындалады және Сайтта, Мобильді қосымшада Қазақстан Республикасының теңгесімен көрсетіледі. Тауарлардың бағасын Сатушы біржақты тәртіпте өзгерте алады. Бұл ретте Сатып алушы тапсырыс берген Тауардың бағасы өзгеруге жатпайды.
7.2. Сатып алушы Тапсырысты рәсімдеу кезінде Сатушыда бар тауарларға ғана тапсырыс бере алады.
7.3. Сатып алушы Тауарларға ақы төлеуді Қазақстан Республикасының теңгесімен мынадай тәсілдердің бірімен жүргізеді:
7.3.1. қолма-қол ақшамен:
7.3.1.1. төлем Тауарларды алу фактісі бойынша жүзеге асырылады, ол Курьерлік қызмет қызметкері ұсынған кассалық немесе тауарлық чек арқылы расталады.
7.3.1.2. қолма-қол ақшамен төлеу ең жоғарғы сомамен шектеледі. Тапсырыстың ең жоғарғы сомасы Сатушымен біржақты тәртіпте айқындалады және Сайтта, Мобильді қосымшада көрсетіледі. Ең жоғарғы соманың мөлшерінен асатын Тапсырыс осы офертаның 7.3.2-тармағына сәйкес төленеді.
7.3.2. қолма-қол ақшасыз жолмен, Сатушының есеп айырысу шотына ақша аудару арқылы. Сатып алушының Тауарға ақы төлеу жөніндегі міндеттемелері оның дербес шотынан тиісті ақша қаражаты есептен шығарылған кезден бастап орындалған болып есептеледі.
8. Тауарларды қайтару және айырбастау, ақшалай қаражатты қайтару
8.1. Сатушы Сатып алушыға оның Тапсырысына толық сәйкес келетін, сапасы Шарт жасасу кезінде Сатып алушыға ұсынылған ақпаратқа, сондай-ақ Тауарларды беру кезінде оның назарына жеткізілген ақпаратқа (Тауарларға немесе олардың қаптамасына бекітілген затбелгіде немесе қосымша парақта не Тауарлардың жекелеген түрлері үшін көзделген басқа да тәсілдермен) сәйкес келетін Тауарларды беруге міндетті.
8.2. Тауарларды алу кезінде Сатып алушы алынған Тауарлардың Тапсырысқа сәйкестігін, жеткізілген Тауарлардың түгелдігін және сыртқы түріне шағымдардың жоқтығын тексереді. Сапасыз, түгел емес Тауарлар алынған жағдайда немесе алынған Тауарлар Тапсырысқа сәйкес келмеген жағдайда, Сатып алушы мұндай Тауарларды алған сәтте бірден тиісті сападағы Тауарлармен ауыстыруды талап етуге не Тауарлар алынғаннан кейін 5 минут ішінде төленген ақшалай қаражатты қайтаруды сұрап, Сатушыға жүгінуге құқылы.
Егер Тапсырыс банк картасымен төленген болса, онда ақшалай қаражат Сатып алушының өтініші келіп түскен және Сатушы оны Сатып алушымен хат алмасуда қанағаттандырған сәттен бастап 14 (он төрт) күн ішінде банк картасына қайтарылады. Егер Тапсырыс қолма-қол ақшамен төленген болса, онда қолма-қол ақшаны Сушибарда тапсырыс берген кезде кассир, Сайтта, Мобильді қосымшада тапсырыс берген кезде Курьерлік қызмет қайтарады. Ақшалай қаражатты қайтару туралы шешімді Сатушы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын және қалыптасқан барлық мән-жайларды ескере отырып қабылдайды.
8.3. Осы офертаның 8.2-тармағының шарттары орындалмаған жағдайда, Тауарлардың сыртқы түрі және олардың түгелдігі бойынша Сатып алушының шағымдары қабылданбайды.
9. Форс-мажор
Тараптардың кез келгені, егер осы оферта бойынша өз міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамауы еңсерілмейтін күш мән-жайларынан туындаған болса, бұл орындамау үшін жауапкершіліктен босатылады. Еңсерілмейтін күш жағдайлары Тараптар ақылға қонымды тәсілдермен болжай алмаған немесе алдын ала алмаған төтенше жағдайлар мен мән-жайларды білдіреді. Мұндай төтенше жағдайлар немесе мән-жайлар мыналарды қамтиды: ереуілдер, су тасқыны, өрт, жер сілкінісі және басқа да табиғи апаттар, соғыстар, әскери қимылдар және т. б.
10. Тараптардың жауапкершілігі
10.1. Осы офертаның (Сатып алушы акцептеген Сатушының офертасының) шарттарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар ҚР заңнамасына сәйкес жауапты болады.
10.2. Интернет-дүкенде және Сайтта, Мобильді қосымшада орналастырылған барлық мәтіндік ақпарат пен графикалық суреттердің заңды құқық иесі бар. Аталған ақпарат пен суреттерді заңсыз пайдалану ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес қудаланады. www.sayasushi.kz ресурсынан алынған ақпарат және/немесе сурет орналастырылған жағдайда, www.sayasushi.kz ресурсына сілтемені орналастыру міндетті болып табылады.
10.3. Сатушы Сатып алушыға Интернет-дүкенде сатып алынған Тауарларды тиісінше пайдаланбау салдарынан келтірілген залал үшін жауап бермейді.
10.4. Сатушы Тапсырысты дұрыс толтырмау, оның ішінде дербес деректерді дұрыс көрсетпеу нәтижесінде пайда болған Сатып алушының шығындары үшін жауап бермейді;
10.5. Сатып алушы Интернет-дүкенде тіркелу кезінде өзі көрсеткен мәліметтер мен дербес деректердің дұрыстығына толық жауапты болады.
10.6. Пайдаланушы Интернет-дүкенді, Сайтты, Мобильді қосымшаны осы офертада көрсетілгеннен өзге мақсаттарда пайдаланбайтынына кепілдік береді.
10.7. Пайдаланушы осы офертаның шарттары бойынша міндеттемелерді бұзған жағдайда Сатушы Сатып алушының логинін (абоненттік телефон нөмірін) бұғаттау жолымен Сатып алушының Интернет-дүкенді пайдалануға кіруіне тосқауыл қоюға құқылы.
11. Өзге шарттар
11.1. Осы оферта Сатып алушы Интернет-дүкенде есептік жазбаны (логинді) тіркеуге бағытталған әрекеттерді жасаған сәттен бастап күшіне енеді.
11.2. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауға немесе тиісінше орындамауға байланысты барлық дауларды Тараптар келіссөздер жолымен шешуге тырысатын болады.
11.3. Келіссөздер барысында келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, даулар ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешілетін болады.